АУДАН БАСШЫЛАРЫ ҒАСЫР ЖАСАҒАН АҚЖАУЛЫҚТЫ АНАНЫ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Майдантал ауылдық округінде ғасыр жасаған Саржан Ағыбайқызы Аблаеваға құрмет көрсетілді. Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров пен аудандық мәслихат төрағасы Сержан Байсбаев ақжаулықты ананың шаңырағына барып, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.
Саржан Ағыбайқызы Аблаева 1926 жылы Түркістан өңіріндегі Шорнақ ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын ерте бастап, 12 жасынан №30 разъездегі мақта пунктінде жұмыс істеген. 1945 жылы Базарбай Аблайұлы Аблаевпен шаңырақ көтеріп, ауыл шаруашылығында еңбек еткен. Отбасында 14 бала – 7 ұл, 7 қыз тәрбиелеп өсіріп, «Батыр ана» атағына ие болған.
Саржан Ағыбайқызының еңбегі мемлекет тарапынан бағаланып, «1941–1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 60 жыл», «Жеңіске 70 жыл» және «Жеңіске 75 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған. Бүгінде Саржан әженің әулетінен 45 немере, 137 шөбере, 17 шөпшек тараған. Мереке қарсаңында аудан басшылары ақжаулықты анаға құрмет көрсетіп, ізгі тілектерін жеткізді.
Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sauran-turkestan/press/news/details/1182227?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version