Ауыл шаруашылығы мәселелері талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының бюджет және өңірлік даму жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Жиынды комиссия төрағасы Ербол Салықов жүргізіп, оған облыстық мәслихат депутаттары, комиссия мүшелері мен басқарма басшылары қатысты.
Күн тәртібінде өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамыту, ауыл шаруашылығына инвестиция тарту және көктемгі дала жұмыстарына дайындық мәселелері қаралды.
Бүгінде облыста ауыл шаруашылығы саласын әртараптандыруға және оның тиімділігін арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Мал шаруашылығын дамыту, сүт-тауар фермаларын іске қосу, суармалы егіншілікті кеңейту, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау және қайта өңдеу инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.
Сонымен қатар, агроөнеркәсіптік кешендегі инвестициялық жобаларды қаржыландыру тетіктері белсенді қолданылып, мемлекеттік қолдау шаралары аясында жаңа өндірістер ашылып, қолданыстағы кәсіпорындар кеңейтілуде. Бұл жұмыстар ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және өңірдің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беруде.
Көктемгі дала жұмыстарына дайындық мәселесіне ерекше назар аударылып, ауыл шаруашылығы құрылымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту, тұқым, жанар-жағармай және қажетті ресурстармен қамтамасыз ету жұмыстары ұйымдастырылғаны атап өтілді.
Алдағы уақытта да өңірдің аграрлық әлеуетін арттыру, инвестициялық тартымдылығын күшейту және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасын табады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zko/press/news/details/1184012?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version