Ауыл тұрғындарымен кездесу өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аққия бастауыш мектебінде ауыл тұрғындарымен Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясына қатысты кездесу өтті.

Жиын барысында қатысушылар елімізде қабылданған жаңа Конституцияның мән-маңызы, оның саяси жүйені жаңғыртудағы рөлі, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кеңейтуге бағытталған өзгерістер туралы кеңінен әңгімелесті. Сонымен қатар конституциялық реформалардың елдің дамуы мен қоғамдағы тұрақтылықты нығайтудағы маңызы да сөз болды.

Кездесу еркін форматта өтіп, ауыл тұрғындары өз пікірлерін білдіріп, көкейлеріндегі сұрақтарын қойды. Қатысушылар жаңа Конституция мемлекетіміздің болашағы үшін маңызды құжат екенін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak/press/news/details/1182240?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version