«Игілік», «Береке», «Жайлау» бағдарламаларының басталуы!
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға қатысыңыз!
НЕГІЗГІ ШАРТТАР:
Есептік нөмірдің болуы.
Жайылымдық жердің болуы (есеп: 1 басқа 3 га).
Мал ұстауға арналған үй-жайдың болуы
САТЫП АЛЫНАТЫН МАЛДЫҢ ЖАСЫ:
Аналық мал (етті бағыт): 9–18 ай
Қашарлар (сүтті бағыт): 12–17 ай.
Құнажындар (сүтті бағыт, 5 айға дейінгі буаздық): 18–26 ай.
Асыл тұқымды бұқалар (етті бағыт): 12–26 ай.
ЕСЕПКЕ ҚОЮҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:
Міндетті түрде RFID сәйкестендіру (чип/сырға).
Деректерді жинақтау үшін сканерлерді пайдалану.
АШБ және САТЖАБ жүйелерінде тіркелу («асыл тұқымды» мәртебесі берілуі тиіс).
ЕРЕКШЕ ШАРТТАР (МАҢЫЗДЫ!):
Аналық малды мақсатты пайдалану мерзімі — кемінде 4 жыл
(ҚР АШМ-нің 2015 жылғы 03.12. №3-3/1061 бұйрығына сәйкес табиғи өлім нормаларын қоспағанда).
2. Етті бағыт үшін:
Етті бағыттағы мал сатып алған кезде міндетті түрде:
І санаттағы асыл тұқымды бұқаларды пайдалану (норма: 1 бұқаға 30 бастан аспау).
НЕМЕСЕ жасанды ұрықтандыруды қолдану (актілермен расталуы тиіс).
3. Өндіруші бұқалар үшін:
Сатып алынған бұқаларды мақсатты пайдалану мерзімі — қатарынан 2 шағылыстыру маусымынан аспауы тиіс (кемінде 18 ай).
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ekibastyz-selhoz/press/news/details/1183897?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау