Азық-түлік келісімшарт корпорациясы құс шаруашылығы кәсіпорындары тарапынан астыққа жоғары сұраныстың артқанын тіркеуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ұлттық астық операторының атына ірі құс фабрикаларынан шамамен 200 мың тонна астық сатып алуға өтінімдер келіп түскен.

Ішкі нарықты қамтамасыз ету және өңдеуші сектордың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында Азық-түлік келісімшарт корпорациясы астық пен майлы дақылдарды электрондық биржалық сауда тетігі арқылы өткізуде. 2026 жылғы наурыз айының басынан бері ұн тарту кәсіпорындарына 14,9 мың тонна азық-түліктік бидай жөнелтілді.

Сатылым құрылымында негізгі үлесті ұн өндіру үшін сұранысқа ие, клейковинасы 23%-дан жоғары үшінші сыныпты бидай құрады.

Бидайдың бағасы сапалық сипаттамаларына қарай:
• клейковинасы 23–24% – тоннасына 104 мың теңге;
• клейковинасы 25–26% – тоннасына 109 мың теңге;
• клейковинасы 27–28% – тоннасына 125 мың теңге.

Бұған дейін ұлттық астық операторы астық пен майлы дақылдардың еркін қалдықтарын сатудың басталғаны туралы хабарлаған болатын. Бұл ретте 4–5 сыныпты бидай тек құс және мал шаруашылығы кәсіпорындарының қажеттіліктері үшін ғана өткізіледі, бұл аталған салаларды нысаналы түрде қолдауға мүмкіндік береді.

Биржалық алаңды пайдалану сауда-саттықтың ашықтығы мен бәсекелестігін қамтамасыз етеді. Азық-түлік келісімшарт корпорациясы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ішкі нарықты астықпен тұрақты қамтамасыз ету бағытындағы жұмысын жалғастыруда.

Биржадағы сауда сессиялары жұмыс күндері күн сайын сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін өтеді. Сауда-саттыққа барлық мүдделі қатысушылар қатыса алады.

Анықтама үшін:
Мекенжайы: Астана қ., Мәскеу көшесі 29/3
Тел. (WhatsApp): +7 701 105 3 105
Email: mail@fcc.kz, N.Mazhitov@FCC.kz, broker@fcc.kz

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/1184307?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version