Жыл сайын жылы мезгіл басталған кезде балалардың терезеден құлау оқиғалары көбейеді. Мұндай жағдайлар көбінесе ата-аналардың бір сәтке қараусыз қалдыруынан, сондай-ақ терезелерде қорғаныс құралдарының болмауынан орын алады. Осыған орай, Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасы мен Ақтау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері қала тұрғындары мен қонақтары арасында қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттілігі жөнінде түсіндіру және үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Мамандардың айтуынша, москит торлары балаларды құлаудан қорғамайды. Керісінше, бала оған сүйенген жағдайда тор салмақты көтере алмай, қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.
Осыған байланысты ата-аналарға келесі қауіпсіздік шараларын сақтау ұсынылады:
- балаларды ашық терезесі бар бөлмеде қараусыз қалдырмау;
- терезелерге арнайы қорғаныс құлыптарын (терезе шектеуіші) немесе шектеуіштер орнату;
- терезе маңына жиһаз қоймау;
- балаларға терезе мен балконның қауіпті екенін түсіндіру;
- москит торына сүйенуге болмайтынын ескерту.
Балалардың қауіпсіздігі ересектердің қырағылығы мен жауапкершілігіне байланысты. Қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау қайғылы жағдайлардың алдын алуға көмектеседі.
Маңғыстау облысы ТЖД
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-mangystau/press/news/details/1181928?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау