2026 жылдың 18 наурызында Астана қаласының Жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы мен Астана қаласы әкімдігінің Азаматтық қорғанысты қамтамасыз ету орталығында «Ұлттық стиль – ұлт келбеті» тақырыбында жиын өтті. Іс-шараның мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қазақ халқының салт-дәстүрі мен мәдени мұрасын насихаттау, сондай-ақ ұлттық киімдердің ерекшелігі мен маңызын кеңінен таныстыру болды. Жиын барысында қатысушылар ұлттық стильдің қоғамдағы рөлі, ұлттық киімнің заманауи үлгілері және оның бүгінгі күндегі маңызы туралы пікір алмасты. Сонымен қатар, қатысушылар ұлттық нақыштағы киімдерді насихаттап, қазақ мәдениетіне деген құрметті арттыру қажеттігін атап өтті. Іс-шара жылы әрі мазмұнды атмосферада өтіп, ұлттық құндылықтарды ұлықтауға бағытталған маңызды кездесу болды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-ump/press/news/details/1183742?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау