Алға аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен ұлттық дәстүрлерді сақтау, рухани құндылықтарды насихаттау және ұрпақтар сабақтастығын нығайту мақсатында «Баталы ел арымас» атты аудандық ақсақалдар байқауы өткізілді. Байқауға ауданның 9 ақсақалы қатысып, өзара бақ сынасты.
Байқау бағдарламасы үш кезеңнен тұрды: таныстыру, бата беру және «Аталар сөзі – ақылдың көзі» тақырыбында тағылымдық мәні бар нақыл сөздер айту. Қатысушылар өздерінің өмірлік тәжірибесін, шешендік қабілетін және ұлттық салт-дәстүрлерді терең меңгергендігін көрсетті.
Әділқазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар анықталып, дипломдармен және қаржылай сертификаттармен марапатталды:
Бас жүлде – Ж. Нұрмағанбетов (Тоқмансай ауылы)
І орын – Н. Әбуев (Ақай ауылы)
ІІ орын – Ә. Жылқаманов (Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы)
ІІІ орын – Ж. Қожантаев (Қарабұлақ ауылы)
Қалған қатысушыларға Алғыс хаттар мен қаржылай сертификаттар табысталды.
Осындай игі шаралар қоғамдағы аға буынның рөлін арттыруға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және жас ұрпақты тәрбиелеуде маңызды орын алады.
Алға аудандық әкімдігі іс-шараны ұйымдастырушылар мен қатысушыларға алғыс білдіріп, жеңімпаздарды лайықты марапаттарымен құттықтайды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga/press/news/details/1184081?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау