Наурыз мейрамы- көктемнің, табиғаттың жаңаруы мен Жаңа жылдың мерекесі. Бұл Қазақстандағы бірлікті, бейбітшілік пен өркендеуді бейнелейтін, ауқымды мерекелермен, дәстүрлі сыйлықтармен және халық ойындарымен атап өтілетін мемлекеттік мереке. Түрлі іс-шаралар тек қоғамдық орындарда ғана емес, мектептер мен балабақшаларда да ұйымдастырылады.
Наурыз мерекесін тойлау қарсаңында тамақтан улану мен жұқпалы аурулардың алдын алу шараларын сақтау қажеттігі ескеріледі. «Наурыз мейрамын» тойлау кезінде білім беру ұйымдары мен мектепке дейінгі мекемелерде мерекелік іс-шаралар өткізіледі. Мұндай күндері ата — аналар мектептер мен балабақшаларға ұлттық дәстүрлі тағамдары- наурыз көже, бесбармақ, қазы, шұжық, қуырдақ және үйде дайындалған басқа да тағамдарды әкеледі. Дегенмен, бұл тағамдардың көпшілігі тез бұзылатын тағамға жататынын есте ұстаған жөн. Оларды алдын-ала дайындаған кезде, сондай-ақ қажетті температуралық режимді сақтамай ұзақ тасымалдау және сақтау кезінде ауру тудырушы патогенді микроағзалардың көбею қаупі едәуір артады. Нәтижесінде, мұндай тағам әсіресеағзасы осындай қауіптерге сезімтал балалар арасында тамақтан улануды және жіті ішек инфекцияларын тудыруы мүмкін.
Осыған байланысты, Батыс Қазақстан облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мектептер мен балабақшалар әкімшілігіне ата-аналармен қауіптер туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуді және үйде дайындалған тағамдармен мерекелік дастархан ұйымдастырудың қажетсіздігін ескеруді ұсынады.
Көктемгі Наурыз мерекесімен құттықтаймыз! Наурыз әр үйге бейбітшілік, тыныштық пен өркендеу әкелсін!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-zko/press/news/details/1184017?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау