Іле ауданы прокуратурасының бастамасымен инвесторлармен кездесу өткізілді. Мұндай кездесулер инвесторлардың алаңдарында тұрақты түрде өткізіліп келеді.
Олардың негізгі мақсаты – бизнес өкілдерімен ашық диалог орнату, туындаған мәселелерді талқылау және оларды жедел шешу.
Қазіргі уақытта аудан аумағында жалпы құны 700 млрд теңгеден асатын 18 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.
Прокуратураның сүйемелдеуі арқасында биыл осы ірі кәсіпорындардың біріне қатысты заңсыз тексерудің алдын алу мүмкін болды.
Сонымен қатар, іске қосу-баптау жұмыстарын жүргізу үшін келген шетелдік мамандарды негізсіз елден шығару әрекетінің жолы кесілді.
Кәсіпкерлер көтерген барлық мәселелер бақылауға алынып, жұмысқа қабылданды.
Сондай-ақ инвесторлар жол инфрақұрылымын жақсарту және жер заңнамасына қатысты бірқатар ұсыныстарын білдірді.
Әрбір ұсыныс бойынша тиісті шаралар қабылданатын болады.
Инвестициялық жобаларды сүйемелдеу және инвесторлардың құқықтарын қорғау бағытындағы аудан прокуратурасының жұмысы алдағы уақытта да жалғасатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-almaty-obl/press/news/details/1182271?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау