Бүгін, 2026 жылғы 17 наурызда Қостанай қалалық мәслихатының төрағасы Омаргали Байгабуловтың төрағалығымен сегізінші шақырылған Қостанай қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сессия жұмысына «Қостанай қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің тапсырмаларды бақылау жөніндегі бас инспекторы Бондаренко Виктория қатысты.

Күн тәртібінде депутаттардың бір дауыс шешімімен тұрақты комиссиялар отырысында алдын ала қаралып, сессияға бекітуге енгізілген 2 мәселе бекітілді.

Қостанай қаласы әкімі ұсынған комиссиялардың жеке құрамдары бойынша кадрлық өзгерістерге байланысты Қостанай қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау комиссиясына және Қостанай қаласы әкімдігі жанындағы әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат комиссиясына өзгерістер енгізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-kostanay-city/press/news/details/1183301?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version