Департамент басшысы Н. Шерьязданов мүгедектікті белгілеу тәртібін түсіндіру бойынша брифинг өткізді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін, Департамент басшысы Н. Шерьязданов мүгедектікті белгілеу тәртібін түсіндіру бойынша брифинг өткізді. Ағымдағы күні Ақмола облысында мүгедектігі бар 29 967 адам бар, бұл облыс халқының 3,4%–. құрайды, оның ішінде: 1 топ – 3394 адам; 2 Топ – 10 704 адам; 3 топ – 12 135 адам, 0-ден 18 жасқа дейінгі балалар-3734. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің бизнес-процестерін автоматтандыруды дамыту аясында мүгедектік тобын айқындау бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтің ашықтығын, қолжетімділігін және сапасын арттыруды қамтамасыз ету қажеттілігі өсуде. Осылайша, қызметті алу тәсілінің бірі сырттай-белсенді форматта мүгедектікті белгілеу болып табылады.
Сырттай форматта ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Еңбекминінің ақпараттық жүйелерін интеграциялау арқылы электрондық форматта келіп түскен медициналық құжаттардың негізінде көрсетілетін қызметті алушыны оның жеке қатысуынсыз куәландыру көзделген.
Бұл денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерінен объективті деректер алу есебінен мүгедектігі бар адамның тыныс-тіршілігін шектеуді ауырлататын қатар жүретін аурулардың ауырлығын автоматтандырылған есепке алу қағидаттарын енгізуді ескере отырып, субъективизм элементтерін және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алып тастауға мүмкіндік берді.
Осы мемлекеттік қызметті белсенді көрсетудің негізгі мақсаты азаматтардың әртүрлі сатылар бойынша жүруін, қағазбастылықты және көрсетілетін қызметті берушілердің көрсетілетін қызметті алушылармен байланысын қоспағанда, мүгедектікті белгілеу рәсімін оңайлату болып табылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-akmola/press/news/details/1182325?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version