Департаментте Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаментінің қатысуымен мемлекеттік қызметшілерге арналған түсіндіру іс-шарасы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 16 наурызда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитетінің Абай облысы бойынша Департаментінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша Департамент басшысының орынбасары — Сапарғалиев Қайрат Нұрғазыұлының қатысуымен түсіндіру іс-шарасы өткізілді.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының тапсырмасын орындау мақсатында және мемлекеттік қызметшілердің бойында корпоративтік мәдениетті қалыптастыруға бағытталған бекітілген жоспар аясында ұйымдастырылды.

Кездесу барысында Департамент қызметкерлерімен клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыру, ұжымдық мәдениетті дамыту, қызметтік әдеп деңгейін арттыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу, сондай-ақ өзге де өзекті мәселелер талқыланды.

Қызметтік этиканы сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға ерекше назар аударылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-abay/press/news/details/1184004?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version