«Дөңгелек үстел» өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

13.03.2026 жылы Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті Шығыс Қазақстан облысы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен бірлесіп, Өскемен қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандырылған ауданаралық сотының төрағасының, ШҚО кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандырылған ауданаралық сотының төрағасының, сонымен қатар прокуратура және полиция органдарының өкілдерінің, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ШҚО бойынша департаментінің қатысуымен атқарушылық іс жүргізу шеңберінде туындайтын өзекті мәселелерді талқылауға арналған «дөңгелек үстел» өткізілді.

Атап айтқанда, алимент өндіру және мемлекет кірісіне өндіріп алу жөніндегі атқарушылық өндірістер бойынша борышкерлерді әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін ұсыныстар жолдау барысында туындайтын проблемалық мәселелер қарастырылды.

Дөңгелек үстел барысында аталған бағыттар өзара іс-қимылды жетілдіру және борышкердерді жауапкершілікке тарту тетіктерінің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар талқыланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-shko/press/news/details/1182623?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version