Жетісу облысында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында жүзеге асырылып жатқан «ECO KERUEN» экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Іс-шара адам көп жиналатын орындарда өткізіліп, жастар мен өңір тұрғындары арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, сондай-ақ қоршаған ортаның жай-күйі үшін жауапкершілікті арттыруға бағытталды.
Акция Талдықорған қаласында бастау алды. Арнайы безендірілген эко-керуен қаланың негізгі көшелерімен өтіп, тұрғындардың назарын табиғатты қорғау және қалдықтарды дұрыс пайдалану мәселелеріне аударды. Керуеннің негізгі мақсаты тұрғындарға қалдықтарды дұрыс сұрыптаудың маңыздылығын түсіндіру және қайта өңдеуге жарамды қалдықтарды жинау арқылы табиғатты қорғау мәдениетін кеңінен насихаттау болды.
Іс-шара барысында қала тұрғындары экологиялық керуенге белсенді түрде қатысып, өз үйлері мен аулаларынан жиналған пластик, қағаз, киім-кешектерді, электронды қалдықтарды жинап, арнайы белгіленген қабылдау орындарына тапсырды. Бұл акция тұрғындардың қоршаған орта тазалығына бейжай қарамайтынын көрсетіп, экологиялық жауапкершілікті арттыруға бағытталған нақты қадамдардың бірі болды.
Экологиялық керуеннің қозғалысы барысында 100-ге жуық ерікті мен ұйымдастырушылар қала тұрғындарына қалдықтарды бөлек жинаудың артықшылықтары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, экологиялық сауаттылықты арттыруға бағытталған ақпараттық материалдар таратты. Сонымен қатар акция қатысушыларына қайта өңдеудің маңызы мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланудың тиімді жолдары туралы кеңінен ақпарат берілді. Акцияға жастар ұйымдарының мүшелері, еріктілер, қала тұрғындары және экологиялық бастамаларды қолдайтын белсенді азаматтар қатысты. Қатысушылар табиғатты қорғау ісіне өз үлестерін қосып, қаланың тазалығын сақтауға бағытталған игі іске жұмыла атсалысты.
«Бүгінгі таңда жастардың қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру өте маңызды. «ECO KERUEN» акциясы – тек аумақты тазарту емес, бұл болашақта тазалық пен экологиялық мәдениет өмірдің незізгі бөлігі болып қалыптасуына қосылатын үлес. Әрбір қатысушы өз мысалында табиғатқа қамқорлық жасау әркімнің жеке жауапкершілігінен басталатынын көрсетеді»,- деп атап өтті «Қазақстан студенттері альянсы» Омбудсмені Ақерке Қызайбай.
Мұндай бастамаларды іске асыру белсенді азаматтық ұстанымды дамытуға, табиғатты сақтау үшін ортақ жауапкершілік сезімін нығайтуға және қоғамда экологиялық құндылықтарды насихаттауға ықпал етеді.
#ТазаҚазақстан #устойчивоеразвитие #чистаястрана #экология #TazaChallenge @TazaQazaqstan Облыстық қоғамдық даму басқармасының материалы бойынша
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-taldykorgan/press/news/details/1184623?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау