Ел болашағы – ортақ жауапкершілік!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін күллі Қазақстан халқы мемлекет тағдырына қатысты аса маңызды шешімнен шет қалмай, өздерінің азаматтық таңдауын жасауда. Елге деген жауапкершілік – әрбір азаматтың басты парызы. 

 Екпінді ауылдық округіндегі №72,73  және №93 сайлау учаскелерінде округ тұрғындары жоғары ұйымшылдық танытып, белсенді түрде қатысуда.
Таңғы сағат 07:00-де алғашқы болып 40 адам бірден келіп дауыс берді. 

Сайлау учаскелерінде дауыс берушілерге арнап әсем музыка қойылып, шахматтан жарысы ұйымдастырылды. Жасы үлкен дауыс беруші, ең жас дауыс беруші, бірінші дауыс беруші азаматтарға арнап мақтау қағазы, естелік сыйлықтар берілді. 

Округ тұрғындарының дауыс беруге  әулеттерімен жиналып келушілердің көп болуы, бұл – тұрғындардың азаматтық белсенділігі мен ел ертеңіне деген сенімінің айқын көрінісі. 

Әр дауыс – болашаққа жасалған маңызды қадам.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-ekpindi/press/news/details/1181537?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version