Еліміздің барлық білім беру ұйымдарында Наурызнама онкүндігі басталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

  Наурыз мейрамын мерекелеу аясындағы шаралар 12-23 наурыз аралығында еліміздің барлық мектептерінде өтуде. Осы күндері білім беру ұйымдарында тақырыптық челлендждер, экологиялық акциялар және ұлттық ойындардан жарыстар ұйымдастырылады.

   Іс-шаралар «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ұйымдастырылуда. Оның негізгі мақсаты – мәдени-әлеуметтік және спорттық шаралардың мазмұнын жаңарту, балаларға арналған цифрлық жобаларды дамыту, сондай-ақ ұлттық құндылықтарды заманауи форматта дәріптеу болып табылады

   Осы шаралар аясында наурыз айының 19-ы күні сағат 11:00-де ел аумағындағы мектептерде, қосымша білім беру ұйымдары мен колледждерде «Күй күмбірі» республикалық домбырашылар акциясы өтеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-bilim/press/news/details/1182877?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version