Елордада сенімге кіріп, ақшаны қалтасына басқан алаяқ құрықталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астана қаласының Сарыарқа аудандық криминалдық полиция қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында алаяқтықпен айналысқан 36 жастағы әйел адамды ұстады.
Күдікті қаладағы құрылыс материалдары сатылатын базарда сатушы болып жұмыс істеген. Ол бөлмеаралық есіктерді арзан бағада жеткізіп беремін деп, тұрғындардың сеніміне кірді. Әдетте дүкенге бес клиент келсе, соның біреуінен алған ақшаны өз қалтасына салып, уәде етілген тауарды бермей отырған.
Жүргізілген тергеу барысында оның 3 эпизодқа қатысы бары анықталды. Бір жәбірленушіге келтірілген материалдық шығын көлемі 100 мың теңгені құрайды. Қазіргі таңда күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.
Астана қаласының Полиция департаменті азаматтарға тауарды тек ресми сауда орындарынан сатып алуды және бейтаныс адамдарға алдын ала ақша аудармауды ескертеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-astana/press/news/details/1181815?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version