Елордалық оқушы әлемдегі ТОП ЖОО-ға оқуға түсті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астана қаласындағы «NURORDA» мектеп-лицейінің оқушысы Нұргүл Егенбергенова әлемдік білім беру рейтингінде көш бастап тұрған ең беделді оқу орны – Массачусетс технологиялық институтына (АҚШ) оқуға қабылданды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бұл қазақстандық жас зияткерлердің халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілігін дәлелдейтін айтулы оқиға.

MIT университетіне түсу – әлемдік деңгейдегі ең қиын сынақтардың бірі. Мәселен, биылғы оқу жылында 29 мыңнан астам үміткердің ішінен тек 4-5%-ы ғана шақырту алған. Ал шетелдік студенттер үшін іріктеу бұдан да қатаң болып, қабылдану деңгейі небәрі 2%-ды құрады.

Нұргүлдің ерекше академиялық жетістіктері мен интеллектуалдық әлеуетін тек MIT қана емес, сонымен қатар әлемнің топ-100 тізіміне кіретін тағы 5 жетекші университеті мойындап, шақырту жіберген. Олардың қатарында мына оқу орындары бар:
• University of British Columbia (UBC, Канада) – №38;
• Hong Kong University of Science and Technology (HKUST, Гонконг) – №44;
• École Polytechnique (Франция) – №46;
• Korea Advanced Institute of Science and Technology (KAIST, Оңтүстік Корея) – №53;
• University of Warwick (Ұлыбритания) – №74.

Айта кетейік, Нұргүл Егенбергенова осыған дейін де білім мен ғылым саласындағы ерен еңбегі үшін мемлекет деңгейінде жоғары бағаланған болатын. Ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеке қабылдауында болып, арнайы сыйақы сертификатын иеленген.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1184385?lang=kk

Exit mobile version