“ЕмбіМұнайГаз ” акционерлік қоғамы “ЖайықМұнайГаз” мұнай газ өндіру басқармасында профилактикалық бақылау жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылдың 18 наурыз күні Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментімен 2026 жылдың  І-жартыжылдығына арналған бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы ҚР Еңбек заңнамасының және өзге де нормативтік-құқықтық актілерінің, бақылауға жататын міндеттеме талаптарының сақталуына профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық жоспарына сәйкес Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторлары Д.Ахметова, С.Жанесенов, А.Ахатова, Д.Калымов Исатай ауданы, Аққыстау ауылында орналасқан «ЕмбіМұнайГаз» акционерлік қоғамы «ЖайықМұнайГаз» мұнай газ өндіру басқармасында профилактикалық бақылау жүргізді.

         Тексеру барысында мемлекеттік еңбек инспекторлары «ЕмбіМұнайГаз» акционерлік қоғамы «ЖайықМұнайГаз» мұнай газ өндіру басқармасы қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырып, жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы еңбек қатынастарының заңдылықтарына қатысты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

         Сонымен қатар, жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы еңбек қатынастарының заңдылықтарына және жазатайым оқиғадан сақтандыру шарттарының маңыздылығына қатысты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-inspekciya/press/news/details/1184389?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version