Құрметті қала тұрғындары!
2026 жылғы 16 наурыздан бастап қала көшелерінде су шашатын арнайы техникалар арқылы жол жамылғысын жуу жұмыстары басталатынын хабарлаймыз.
Аталған жұмыстар қаланың санитарлық жағдайын сақтау және көркін жақсарту мақсатында жүргізіледі.
Көшелерді жуу жұмыстары шаһардың негізгі және қосалқы көшелерінде кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.
Осыған байланысты тұрғындар мен жүргізушілерден түсіністік танытып, қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/1181892?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау