Бас прокуратураның Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті Солтүстік Қазақстан облысындағы инвестициялық жобаның іске асырылуын тиісті деңгейде сүйемелдеуді қамтамасыз етті.
Мониторинг барысында «Бейкертон» ЖШС «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағының аумағында кондитерлік өнімдер шығаратын зауыт құрылысын жүргізіп жатқаны анықталды.
Жобаның құны — 37 млрд теңге. Оны іске асыру шамамен 380 жұмыс орнын құруға, сондай-ақ өңірдің экспорттық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.
Кәсіпорынды іске қосу үшін жоғары технологиялық жабдықтарды орнату және ретке келтіру мақсатында шетелдік мамандарды тарту қажет болды.
Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті көші-қон қызметімен бірлесіп, техникалық мамандардың келуіне шақырту рәсімдеу мәселесін жедел түрде шешті.
Қабылданған шаралар қажетті құжаттарды қысқа мерзімде рәсімдеуге және мамандардың келуін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Бұл жобаның уақытша және қаржылық шығындарсыз жалғасуына ықпал етті.
Прокуратура органдары инвестициялық жобаларды жоспарлаудан бастап пайдалануға берілгенге дейінгі барлық кезеңдерде құқықтық сүйемелдеу бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда.
Әкімшілік кедергілерді жедел жою және инвестициялық бастамаларды іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау — басты міндет болып қала береді.
Инвестициялық қызмет субъектілерінің құқықтарын қорғау мәселесі Комитеттің тұрақты бақылауында.
Бас прокуратураның
Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kzpi/press/news/details/1184117?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау