2026 жылғы 15 наурыз, Рим. Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Елшілігі жанындағы №409 референдумның учаскелік комиссиясы жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-де ашылды. Референдумда дауыс беруге ҚР азаматтары таңнан бастап келе бастады.
Дауыс берушілердің арасында Италияда жұмыс істейтін қазақстандықтар, студенттер, елімізден келген туристер және т.б. азаматтар болды. Римнен басқа олар елдің басқа да өңірлерінен келді.
ҚР Италиядағы Елшілігі қазақстандық студенттердің дауыс беруін қамтамасыз ету үшін Милан қаласына тасымалданатын жәшік ұйымдастырды. Милан қаласында атақты опера әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мария Мудряк та референдумға қатысып, дауыс берді.
Қазақстан Республикасының Елшілігі дауыс беру процесінің ашықтығы мен жариялылығын, референдумның учаскелік комиссиясының үздіксіз жұмыс істеуін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-roma/press/news/details/1181556?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау