Бүгін елімізде өтіп жатқан республикалық референдум аясында Келес ауданы әкімінің орынбасары Даурен Сариев пен аудан әкімі аппаратының басшысы Бақтияр Абрахманов өз таңдауларын жасады.
Олар тұрғылықты мекенжайлары бойынша тіркелген референдум учаскелеріне барып, дауыс беріп, ел болашағына қатысты маңызды саяси науқанға қатысу мүмкіндігін пайдаланды.
Аудан басшылығы өкілдері референдум – мемлекет өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси оқиға екенін атап өтті.
Айта кетейік, Келес ауданында референдум учаскелері таңғы сағат 07:00-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен ашылды. Ауданда барлығы 61 референдум учаскесі жұмыс істеуде.
Жалпы Келес ауданында 131 093 тұрғын бар. Оның ішінде 69 812 азамат дауыс беру құқығына ие. Дауыс беру сағат 20:00-ге дейін жалғасады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/press/news/details/1181541?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау