Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов қала тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға келген азаматтар электр энергиясын тарту, инфрақұрылым жүргізу, кәріз жүйесін орнату, тұрғын үй кезегі, жер мәселесі және жол салу сияқты бірқатар өзекті мәселелерді көтерді.
Жеке қабылдауға қала әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы және тиісті бөлімдер мен мекеме басшылары қатысып, тұрғындардың өтініштері тыңдалды. Әрбір мәселе бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар беріліп, заң аясында шешу жолдары қарастырылды.
Қала басшысы тұрғындардың көтерген мәселелері назардан тыс қалмайтынын айтып, олардың кезең-кезеңімен шешілуі бақылауда болатынын жеткізді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1182657?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау