Кентау қаласында заңсыз жолаушылар тасымалының алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Аталған шараны Кентау қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі қызметкерлері ұйымдастырып, такси жүргізушілеріне заң талаптары түсіндірілді.
Түсіндіру барысында такси қызметін заң талаптарына сәйкес жүзеге асыру қажеттігі айтылып, жүргізушілерге қойылатын негізгі талаптар ескертілді. Атап айтқанда, такси қызметін бастамас бұрын жергілікті атқарушы органға қызметтің басталғаны туралы хабарлама беру, рейс алдындағы техникалық және медициналық тексеруден өту, сондай-ақ көліктің сыртқы белгілері талапқа сай болуы қажет екені түсіндірілді.
Мұндай түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1182660?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау