Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі №224-VII ҚРЗ Әлеуметтік кодексінің 90-бабына сәйкес, көп балалы отбасына берілетін жәрдемақы Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына, қандастарға, сондай-ақ жәрдемақы алу құқығы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта көзделген шетелдіктерге беріледі.
Бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, оның ішінде он сегіз жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар отбасылардың көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы алуға құқығы бар.
Көпбалалы отбасына берілетін жәрдемақы ай сайын бюджет қаражаты есебінен мынадай мөлшерде төленеді: (2026 жылғы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) 4325 теңге мөлшерінде белгіленген.)
- төрт балаға – АЕК 4325тг. х 16,03 = 69 330тг.
- бес балаға – АЕК 4325тг. х 20,04 = 86 673 тг.
- алты балаға – АЕК 4325тг. х 24,05 = 104 017тг.
- жеті балаға – АЕК 4325тг. х 28,06 = 121 360тг.
- сегіз балаға – АЕК 4325тг. х 4 х 8 = 138 400тг.
- тоғыз балаға –АЕК 4 х 4325тг. х 9 = 155 700тг.
- он балаға – АЕК 4 х 4325тг. х 10 = 173 000тг.
|
№ |
Аудандар |
Төлем алушылардың саны |
|
1 |
Қызылорда қаласы |
16 251 |
|
2 |
Байқоңыр қаласы |
1 454 |
|
3 |
Арал ауданы |
3 991 |
|
4 |
Жалағаш ауданы |
1 561 |
|
5 |
Жаңақорған ауданы |
4 796 |
|
6 |
Қазалы ауданы |
3 573 |
|
7 |
Қармақшы ауданы |
1 392 |
|
8 |
Сырдария ауданы |
1 620 |
|
9 |
Шиелі ауданы |
4 105 |
|
10 |
Барлығы |
38 743 |
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-kyzylorda/press/news/details/1183800?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау