Көрісу күні аталып өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

14 наурыз – елімізде Наурыз мейрамының бастауы саналатын Көрісу күні. Бұл күнді халық арасында Амал мерекесі деп те атайды. Қазақ халқы қыстан аман-есен шығып, көктемге аяқ басқанын қуанышпен қарсы алып, туыс-туған, көрші-көлеммен жүздесіп, қол алысып, төс қағыстырады. Адамдар бір-біріне деген өкпе-ренішін ұмытып, ақ тілектер айтып, амандық-саулық тілейді.

Осы мерекеге орай Көктұма ауылының мәдениет үйінде «Көрісу мейрамы – Амал мерекесі» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Шара барысында арнайы дастархан жайылып, ауылымыздың ақсақалдары мен әжелеріне құрмет көрсетілді.

Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпаққа ұлттық салт-дәстүріміздің мән-маңызын түсіндіру, қазақы тәлім-тәрбиенің құндылығын насихаттау және үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету дәстүрін дәріптеу.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-yrgaity/press/news/details/1182226?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version