Коммуналдық-тұрмыстық сектор мен халықты көмірмен қамтамасыз ету жөніндегі республикалық штаб қызметінің алдын ала қорытындысы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 10 қыркүйектен бастап Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің басшылығымен коммуналдық-тұрмыстық сектор мен халықты көмірмен қамтамасыз етуді бақылау жөніндегі Республикалық штабтың жұмысы жүргізілуде.

Штаб аясында жергілікті атқарушы органдардың, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ-ның, сондай-ақ көмір өндіруші кәсіпорындардың қатысуымен күнделікті кеңестер өткізіледі.

Негізгі мақсат – өңірлерде көмір тапшылығының жасанды түрде туындауына жол бермеу.

Жалпы ел бойынша 586 көмір операторы және 951 теміржол тұйығы жұмыс істейді. Көмір өндірумен шамамен 30 көмір өндіруші кәсіпорын айналысады.

Ағымдағы жылыту маусымының қорытындысы бойынша өңірлерге 7,98 млн тонна көмір жеткізілді, бұл бекітілген жоспардың (7,46 млн тонна) 107%-ын құрайды.

Қазіргі уақытта Комитетпен 2026–2027 жылдарға арналған жылыту маусымына көмірге қажеттілік жоспары қалыптастырылды. Алдын ала көмірге қажеттілік көлемі 7,3 млн тонна деңгейінде айқындалды. Аталған жоспар көмір өндіруші кәсіпорындар тарапынан іске асырылып, көмір жеткізу бекітілген жоспар-кестеге сәйкес жүргізіледі.

Жеткізулердің тиімділігі мен ашықтығын арттыру мақсатында Энергетика министрлігі қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу бойынша жұмыс жүргізуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kaenk/press/news/details/1184037?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version