Конституция – болашағымыздың негізі
Ақордада Конституцияның қабылдануына арналған салтанатты іс-шара өтті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияны бекітіп, «2026 жылғы 15 наурызда қабылданған Конституцияны іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды.
Шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, Конституциялық комиссияның мүшелері және Жалпыұлттық коалицияның өкілдері қатысты.
Жоғары Сот Кеңесі атынан Кеңес Төрағасы Дмитрий Малахов және Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының профессоры Лейла Жақаева қатысты.
Жиында Президент елдің дамуына, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін бірқатар азаматтарға мемлекеттік наградалар табыстады.
Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының профессоры Лейла Жақаева Мемлекет басшысының қолынан «Құрмет» орденін алды.
Аталған марапат оның заң ғылымын дамытуға қосқан үлесін, білікті кадрларды даярлаудағы еңбегін, сондай-ақ Сот төрелігі академиясы мен Жоғары Сот Кеңесінің кәсіби судьялар корпусын қалыптастырудағы маңызды рөлін айқындайды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vss/press/news/details/1183704?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау