Маңғыстау ауданы аумағында ювеналдық полиция тобының инспекторлары, жедел уәкілдер және патрульдік полиция ротасының қызметкерлері бірлесе Батыр ауылында орналасқан «№15 жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізді.
📍 Іс-шара аудан көлемінде өтіп жатқан «Квадрат» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында ұйымдастырылды.
👮♂️ Кездесу барысында оқушылармен құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
🎯 Іс-шараның негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу.
⚠️ Кездесу барысында келесі тақырыптар қамтылды:
• буллинг және кибербуллинг
• интернет-алаяқтық
• есірткі қылмыстары
• топтасып төбелесу және оның құқықтық салдары
• жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерін сақтау
🔒 Оқушыларға заң талаптарын сақтау, құқықтық жауапкершілік және қауіпсіз мінез-құлық қағидалары түсіндірілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1184582?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау