Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының бірлескен бұйрығына сәйкес, Маңғыстау облысында оба ауруының алдын алу және эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша облыстық семинар ұйымдастырылды.
Іс-шараға Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің және аудандық басқарма мамандары, Маңғыстау обаға қарсы кұрес станциясы, облыстық денсаулық сақтау басқармасы және медициналық ұйымдардың мамандары қатысты.
Семинар барысында Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің, обаға қарсы күрес станциясының және облыстық денсаулық сақтау басқармасының жұқпалы аурулар ауруханасының мамандары баяндама жасап, өңірдегі оба ауруының эпидемиологиялық жағдайы, табиғи ошақтарда жүргізілетін профилактикалық іс-шаралар, сондай-ақ оба ауруының алдын алу және оған қарсы күрес шаралары туралы ақпарат берді. Сонымен қатар, семинар аясында практикалық сабақ ұйымдастырылып, қатысушыларға обаға қарсы I типті қорғаныш киімдерін дұрыс кию және шешу тәртібі көрсетілді.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға оба ауруының алдын алу және санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-mangistau/press/news/details/1182230?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау