«Мемлекеттік тілдегі үздік интернет-ресурс» облыстық байқауының

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

 

ЕРЕЖЕСІ

 

Солтүстік Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы және Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң цифрлық технологиялар басқармасы Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асыру, мемлекеттік тілдің цифрлық кеңістіктегі қолданыс аясын кеңейту және мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының сапасын арттыру мақсатында «Мемлекеттік тілдегі үздік интернет-ресурс» облыстық байқауын жариялайды.

 

Жалпы ережелер

 

  1. Осы Ереже «Мемлекеттік тілдегі үздік интернет-ресурс» облыстық байқауын (бұдан әрі – Байқау) ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды.
  2. Байқауға Солтүстік Қазақстан облысының ресми интернет-ресурстары сайттары бар мемлекеттік органдары қатысады.

 

Байқаудың мақсаты мен міндеттері

Мақсаты:

– мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарының сапасын арттыру;

– мемлекеттік тілдегі цифрлық контенттің үлесін көбейту;

– мемлекеттік тіл саясатын интернет кеңістігінде насихаттау;

– ашықтық пен қолжетімділікті қамтамасыз ету.

Міндеттері:

  • ресми сайттардың құрылымы мен мазмұнын жетілдіруге ынталандыру;
  • мемлекеттік тілдегі ақпараттың сапасын арттыру;
  • ақпараттың өзектілігін және уақтылы жаңартылуын қамтамасыз ету;
  • азаматтармен тиімді кері байланысты дамыту.

 

Байқауды өткізу мерзімі

Байқау 2026  жылғы 1 сәуір мен 1 маусым аралығында өткізіледі.

Байқауға қатысуға өтінімдер 1 сәуірге дейін қабылданады.

 

Бағалау өлшемшарттары

 

Сайттар келесі талаптар бойынша бағаланады:

  • бас беттің және сайттың жалпы дизайны мен навигациясының қолайлылығы;
  • интернет-ресурстың құрылымы және техникалық тұрақтылығы;
  • мемлекеттік орган туралы ақпараттың толықтығы;
  • ақпараттың мемлекеттік және орыс тілдерінде (қажет болған жағдайда ағылшын тілінде) ұсынылуы;
  • мемлекеттік тілдегі контенттің сапасы және тілдік сауаттылығы;
  • ақпараттың өзектілігі және жаңартылу жиілігі;
  • мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған қолжетімділік нұсқасының болуы;
  • тұрғындармен кері байланыс тетіктерінің тиімділігі;
  • сайттың және ішкі бөлімдерінің жүктелу жылдамдығы.

 

Қазылар алқасы және қорытынды шығару

 

  1. Байқау нәтижелерін шығару үшін қазылар алқасы құрылады.
  2. Қазылар алқасының шешімі негізінде үздік интернет-ресурстар анықталып, дипломдармен және арнайы сыйлықтармен марапатталады.
  3. Байқау қорытындылары бұқаралық ақпарат құралдарында және ресми интернет-ресурстарда жарияланады.

 

Ұйымдастыру мәселелері

 

Байқауға қатысу туралы өтінімдер келесі мекенжай бойынша қабылданады:

Мекенжайы: Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 58, 510-кабинет.

Байланыс телефондары: 8 (7152) 36-10-44.

Электрондық пошта: uprk@sko.gov

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ovp-zhambyl/press/news/details/1184319?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version