«Менің құқығым мен міндеттерім» тақырыбында оқушылармен кездесу өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

      Қайнар ауылдық округінде “Заң мен тәртіп” идеологиясы аясында салық жөніндегі бас маманы Б.Толеуова мен жастар ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушысы М.Агадилова білім ордасында «Менің құқығым мен міндеттерім» тақырыбында оқушылармен кездесу өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдерге өз құқықтары мен міндеттері туралы түсінік беру, заңды құрметтеуге және жауапкершілікке тәрбиелеу.
Кездесу барысында оқушыларға әр адамның өз құқығы бар екендігі, сонымен қатар қоғам алдында белгілі бір міндеттері де болатыны түсіндірілді. Оқушылар өз ойларын айтып, құқықтық тақырыптағы сұрақтарға жауап беріп, белсенділік танытты. Сонымен қатар шағын викториналық сұрақтар қойылып, құқықтық білімдерін тексеруге мүмкіндік берілді.
Мұндай кездесулер жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттырып, өз құқықтарын білуге және міндеттерін орындауға баулиды

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-kainar/press/news/details/1182744?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version