Меркі ауданының қызметкерлері Ұлттық киім күнін атап өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Меркі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері ұлттық дәстүрлер мен мәдени мұраны дәріптеуге бағытталған Ұлттық киім күнін атап өтті. Бұл күні қызметкерлер ұлттық киім киіп, халқымыздың тарихы мен салт-дәстүріне деген құрметтерін көрсетті. Іс-шара барысында жеке құрам ұлттық киімдердің шығу тарихы мен мағынасы туралы айтып, ұлттық нақыштағы киіммен естелік суретке түсті. Сонымен қатар бөлімде ұлттық киімдер көрмесі ұйымдастырылды. Аталған мереке қызметкерлердің ұлттық рухын көтеріп, мәдениетімізді сақтау мен дамытуға үлес қосуға бағытталды.

Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1184424?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version