I немесе II топтағы мерзімсіз мүгедектігі бар тұлғалар БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін келесі тәсілдермен рәсімдей алады:
- БЖЗҚ бөлімшесіне жүгіну арқылы
- enpf.kz сайтындағы жеке кабинет арқылы
- БЖЗҚ мобильді қосымшасы арқылы
Сондай-ақ, алушылар үшін көшпелі қызмет көрсету қарастырылған.
Ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен төлемдер:
- 50 жастан бастап тағайындалады
- онлайн рәсімдеуге болады
- төлемдердің кестесін салымшы өз бетінше белгілейді
БЖЗҚ қызметтерді тегін көрсетеді. Төлемдерді рәсімдеу делдалсыз және комиссиясыз жүзеге асырылады.
Қызметтерді тек БЖЗҚ-ның ресми арналары арқылы пайдаланыңыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-uil/press/news/details/1183863?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау