МЫРЗАКЕНТТІҢ ОРТАЛЫҚ САЯБАҒЫН МЕРЕКЕГЕ ДАЙЫНДАУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Әз-Наурыз мерекелік іс-шарасына дайындық жұмыстары және «Таза Қазақстан» акциясы аясында Мақтаарал ауданында Мырзакент кентінің орталық саябағына ауқымды сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.
Cенбілікке 200-ге жуық тұрғын, мекеме қызметкерлері мен еріктілер белсене қатысты. Ұжымдық еңбектің нәтижесінде саябақ аумағы толықтай тазартылып, ретке келтірілді.
Қатысушылар демалыс аймағындағы жабайы шөптерді шауып, бей-берекет тасталған қоқыстарды жинады. Тазалық жұмыстары барысында арнайы техниканың көмегімен 1 тоннаға жуық қоқыс сыртқа шығарылды. Сонымен қатар, бұған дейін егілген ағаштарға күтім жасалып, олардың түптері әктелді. Бұл жұмыстар жасыл желектердің сақталуына және олардың көктемгі өсуіне оң әсерін тигізбек.
Сенбілік тек саябақ аумағымен шектелмей, кенттің орталық көшелерін де қамтыды. Атап айтқанда, С. Қожанов көшесінің бойындағы бордюрлер сырланып, көшенің эстетикалық келбеті жақсартылды. Наурыз мерекесіне орай, Мырзакент кентінің орталық көшесі мен саябағы ұлттық нақыштағы безендіру элементтерімен көркемделді. Бұл өз кезегінде тұрғындар мен қонақтарға мерекелік көңіл күй сыйлап, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған.
Айта кетейік, Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурыз мейрамына орай 20 наурыз күні сағат 11:00-де Мырзакент кентінің орталық саябағында мерекелік іс-шаралар өтетін болады. Мұнда киіз үйлер тігіліп, ұлттық тағамдар ұсынылады. Ұлттық қол өнер бұйымдарының көрмесі қойылып, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтеді. Сонымен қатар, қазақ эстрадасының жарық жұлдыздарының қатысуымен арнайы гала-концерттік бағдарлама қойылатын болады.
(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-maktaaral/press/news/details/1184392?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version