Наурыз мейрамын тойлау — бұл мол дастарқан, көптеген қонақтар және Наурыз көже сияқты дәстүрлі тағамдардың уақыты. Наурыз мейрамы кезінде көпшілік іс-шаралар, түрлі тағамдар әзірлеу және қонақ күту көбейеді. Санитариялық-гигиеналық талаптар сақталмаған жағдайда тағамнан улану және жіті ішек инфекцияларының пайда болу қаупі артады.
Тағамнан уланудың және жіті ішек инфекцияларының алдын алу шаралары:
- Жеке бас гигиенасын сақтау
– тамақ дайындаудың және тамақ ішер алдында қолды мұқият жуу;
– таза ыдыс-аяқ пен асүй құралдарын пайдалану;
– науқас адамдардың тамақ дайындауына жол бермеу.
- Азық-түлікті қауіпсіз сатып алу
– азық-түлікті тек ресми сауда орындарынан сатып алу;
– өнімнің жарамдылық мерзіміне және сақтау шарттарына назар аудару;
– қаптамасы бүлінген өнімдерді сатып алмау.
- Өнімдерді дұрыс өңдеу
– көкөністерді, жемістерді және көкті мұқият жуу;
– жұмыртқаларды қолданар алдында жуу және термиялық өңдеуден өткізу;
– етті, құсты және балықты толық пісіріп дайындау.
- Сақтау шарттарын сақтау
– дайын тағамдарды тоңазытқышта сақтау;
– тағамды бөлме температурасында 2 сағаттан артық қалдырмау;
– шикі және дайын өнімдерді бөлек сақтау.
- Көпшілікке арналған дастархандарда сақтық
– бір рет қолданылатын немесе жақсы жуылған ыдыстарды пайдалану;
– сапасы күмәнді тағамдарды тұтынбау;
– тағам дайындау және тарату орындарында тазалық сақтау.
Наурыз көже — құрамында дәнді дақылдар, ет және сүт өнімдері (қымыз, шұбат, қатық) бар күрделі тағам.
Құрамдас бөліктердің балғындығы: Сүт немесе ақ өнімдерін бүкіл кастрюльге емес, тікелей дастарқанға ұсынар алдында қосыңыз.
Сақтау: Ақ қосылмаған көже ұзағырақ сақталады, бірақ оның өзін дайындалғаннан кейін 24 сағат өткен соң тұтыну ұсынылмайды.
Қарапайым гигиена және тағам қауіпсіздігі ережелерін сақтау Наурыз мейрамын қауіпсіз өткізуге көмектеседі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-vko/press/news/details/1183208?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау