“Наурызнама онкүндігі” шеңберінде Бақтыбай ауылдық округі әкімдігінің ұйымдастыруымен Қайырымдылық күніне орай игі шара өткізілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

“Наурызнама онкүндігі” шеңберінде Бақтыбай ауылдық округі әкімдігінің ұйымдастыруымен Қайырымдылық күніне орай игі шара өткізілді. Акцияның негізгі мақсаты – қоғамда мейірімділік пен жанашырлық құндылықтарын дәріптеу, қолдауды қажет ететін отбасыларға көмек көрсету.

Шара барысында әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға азық-түлік себеттері табысталды.

Наурыз – жаңару мен жақсылықтың, татулық пен мейірімнің мерекесі. Осындай қайырымдылық шаралары арқылы қоғамда қамқорлық пен ізгілік дәстүрі жалғасын таба береді.

Баршаңызға Наурыз мерекесі құтты болсын!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-eskeldy-baqtybai-jolbarysuly/press/news/details/1182920?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version