Облыс әкімі Аягөз ауданындағы білім нысандарын аралады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

   Аймақ басшысы Берік Уәли Аягөз ауданына барып, аудан орталығындағы білім беру нысандарының тыныс-тіршілігімен танысты.

   Әуелі облыс әкімі былтыр жеке инвесторлардың қаражаты есебінен салынған «Асыл Ана» балабақшасына барды. 100 орындық мектепке дейінгі білім беру мекемесі 4 топтан тұрады. Екі қабатты ғимараттың жалпы ауданы – 652,2 шаршы метр.

   Мекемеде тәрбиеленушілерге қолайлы жағдай жасалған. Балалар күніне бес мезгіл тамақпен қамтамасыз етіліп, тәрбиелеу мен дамытуға қажетті барлық материалдық база қарастырылған.

   Берік Уәли Кешірім Бозтаев атындағы қазақ мектеп-гимназиясының жұмысымен де танысты. Былтыр мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілді. Нәтижесінде білім ордасының материалдық – техникалық базасы толық жаңартылды. Атап айтқанда, жаңа кабинеттер барлық қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілді. Биология, химия, физика, информатика және STEM кабинеттері заманауи құралдармен қайта жабдықталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ayagoz-roo/press/news/details/1181850?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version