«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында 2026 жылғы 17 наурызда сағат 17:00-де облыс прокуратурасының ресми Instagram-парақшасында тікелей эфир өтті.
Эфир барысында облыс прокуратурасының қызметкерлері жазылушылардың сұрақтарына жауап беріп, ерекше назарды сот алқабилерінің қатысуымен қаралатын істерге, есірткі қылмысына, интернет-алаяқтыққа аударды.
Сондай-ақ, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық, сталкинг және кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстар бойынша өзекті мәселелер түсіндірілді.
Облыс прокуратурасы заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту және азаматтардың құқықтық мәдениетінің деңгейін көтеру мақсатында халықты ақпараттандыруды және түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жалғастырады.
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-sko/press/news/details/1183689?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау