Өңірде байланыс сапасын арттыруға 1 млрд теңге инвестиция салынады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ӨҢІРДЕГІ МОБИЛЬДІ ИНТЕРНЕТ ПЕН БАЙЛАНЫС САПАСЫН ЖАҚСАРТУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖОБАЛАР ҚАРАЛДЫ

Облыс әкімі аппаратының басшысы Нұрділдә Ораз «КаР-Тел» ЖШС-ның өкілдерімен кездесті. Онда өңірдегі байланыс және мобильді интернет желісін дамыту мәселелері кеңінен талқыланды.

Компания тұтынушылардан келіп түсетін өтініштер мен шағымдардың негізінде Орал қаласында қосымша «Beeline» қызмет көрсету орталығын ашуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, биыл байланыс сапасын арттыруға шамамен 1 миллиард теңге көлемінде инвестиция салмақ.

Кездесу қорытындысында облыс әкімі аппаратының басшысы Нұрділдә Ораз азаматтардың сапалы байланысқа қосылуын қамтамасыз ету маңызды міндет екенін айтып, бұл бағыттағы бастамаларға жергілікті атқарушы құрылым тарапынан қолдау болатынын жеткізді.

БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-informatization/press/news/details/1182691?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version