Өрттің алдын алған оңай: қауіпсіздік туралы әлеуметтік бейнеролик

Жарияланды:

Автор:

категорияда

  Өрттердің алдын алу және азаматтардың қауіпсіздік мәдениетін арттыру мақсатында өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтауға арналған әлеуметтік бейнеролик әзірленді.

  Бейнероликте қарапайым қауіпсіздік талаптарын елемеу қандай ауыр салдарға әкелуі мүмкін екені көрнекі түрде көрсетілген. Эмоционалды көріністер арқылы авторлар бір ғана қателік немесе салғырттық мүліктен айырылуға және адам өміріне қауіп төндіруге себеп болуы мүмкін екенін атап көрсетеді.

  Сонымен қатар, бейнероликте өзіңізді және тұрғын үйіңізді қорғау үшін қандай шаралар қабылдау қажеттігі түсіндіріледі. Азаматтарға автономды өрт хабарлағышын орнатудың, мұржаны уақтылы тазалаудың, электр сымдарының жай-күйін тұрақты түрде тексеріп, шамадан тыс жүктемеге жол бермеудің, тек жарамды электр құралдарын пайдаланудың, сондай-ақ пештер мен жылыту құрылғыларын талапқа сай жабдықтаудың маңыздылығы еске салынады.

  Әлеуметтік бейнеролик әр адамның өз үйінің қауіпсіздігіне жеке жауапты екенін назарға салады. Қарапайым қағидаларды сақтау — өрттің алдын алуға және өзіңіздің әрі жақындарыңыздың өмірі мен денсаулығын сақтауға нақты мүмкіндік береді.

  Жыл басынан бері тұрғын үй секторында 1 068 өрт оқиғасы тіркелді, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6%-ға аз. Өрттерді сөндіру барысында ТЖМ күштерімен 204 адам құтқарылды, олардың 76-сы балалар.

  ТЖМ азаматтарды қауіпсіздік мәселелеріне жауапкершілікпен қарауға және өмірді, денсаулықты және мүлікті сақтау үшін өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

  Бейнероликке сілтеме: https://www.instagram.com/reel/DV7tJQGDGb6/?igsh=MW9wMHd0dmNiZDFwaQ==

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/1181778?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version