Өз өнімің — бүкіл елге: Қарағанды облысында қолөнершілерден өтінім қабылдау басталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарағанды облысының тұрғындары өз кәсібін танымал брендке айналдырып, жаңа нарықтарға шығуға мүмкіндік алды — өңірде «Бір ауыл — бір өнім» жобасына қатысуға өтінім қабылдау басталды. Үздік қатысушылар мемлекеттік гранттарға үміткер болып, өз өнімдерін ілгерілету мүмкіндігіне ие болады.

Жобаға жергілікті шикізатпен жұмыс істейтін қолөнершілер, кәсіпкерлер және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар шақырылады. Қатысушылар қатарында азық-түлік өндірушілерден бастап, қолөнер шеберлеріне дейін бар.

Жоба бірнеше кезеңнен тұрады: мамандардың кеңесі, өңірлік көрмеге қатысу және финалистерді іріктеу.

— «Бір ауыл — бір өнім» жобасы жүзеге асырылған үш жыл ішінде өңірімізде 100-ден астам тұрғын көрмеге қатысты. Оның ішінде он жеңімпаз анықталып, алтауы грант иегері атанды, — деді Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ернар Күлпейісов.

Финалистер оқыту бағдарламаларынан өтіп, өнімдерін жетілдіруге және оны ілгерілетуге қолдау алады. Сондай-ақ олар республикалық көрмелерге қатысу мүмкіндігіне ие болады.

Жобаға қатысушылардың өнімдері бүгінде нарыққа шығып, шетелге экспорттала бастады. Мәселен, 2024 жылғы финалист Гүлжан Әбдіқашева керамика бұйымдарын Жапония, Қытай, Ресей және Түркия нарықтарында таныстырып жүр. Ал Гүлпахат Құттыбаева киізден жасалған бұйымдар өндірісін дамытып, Түркия, Германия, Польша және Франция елдеріне шығуда. Дәмелі Ермекова шығармашылық жиынтықтарын Иордания, Германия, Канада және АҚШ нарықтарына ұсынуда.

Өтінім қабылдау қазірдің өзінде басталды. Құжаттар Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасында (Тәттімбет көшесі, 709, 2-қабат) жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін қабылданады. Байланыс телефоны: 8-775-104-90-44 (Саят Мұхтаров).

Барлық қызметтер тегін көрсетіледі.

Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметінің мәліметі бойынша

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1183900?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version