Отбасылық құндылықтар – берік қоғамның негізі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

    17 наурыз – Шаңырақ күні. Бұл күн «Наурызнама» онкүндігі аясында отбасының қоғамдағы рөлін айқындап, береке мен бірлікті дәріптейтін ерекше мереке болып саналады. Шаңырақ – қазақ халқы үшін қасиетті ұғым, ол тек отбасылық ошақ емес, ынтымақтың, сыйластықтың және ұрпақтар жалғастығының нышаны.

    Осы мерекеге орай Департаменттің ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұргелді Байғонысұлы Қойшыбаев пен жас қызметкерлер отбасы құндылықтарын насихаттауға бағытталған тағылымды кездесуге қатысты. Олар ұзақ жылдар бойы өнегелі ғұмыр кешіп келе жатқан, жұбайымен 40 жыл бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүрген Департаменттің еңбек ардагері Айтуганова Гүлжан Ежікбайқыздың отбасына арнайы барып, мерекелік құттықтауларын жеткізді.

    Кездесу барысында үлкендер тарапынан берілген ақ бата қабыл алынып, шаңырақтың берекесі мен отбасының тұтастығы жөнінде жылы әңгімелер айтылды. Бұл тағылымды сәт жас қызметкерлер үшін үлкен өнеге болды. Өйткені өмірлік тәжірибесі мол ардагердің шаңырағы – отбасындағы сыйластықтың, өзара түсіністік пен жауапкершіліктің жарқын үлгісі.

    Мұндай кездесулер өскелең ұрпаққа ұлттық салт-дәстүрдің маңызын түсіндіріп қана қоймай, үлкенге құрмет көрсету мәдениетін қалыптастыруға, отбасылық құндылықтарды дәріптеуге зор үлес қосады. Қызмет пен отбасылық тәрбиені қатар ұстану – бүгінгі қоғам үшін маңызды бағыттардың бірі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhetisu/press/news/details/1183860?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version