Павлодар облысы бойынша ЭТТД қызметкерлері арасында «Тергеуші кубогы» зияткерлік сайысы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру Департаментінде Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг Агенттігінің құрылғанына 5 жыл толуына және Тергеуші күніне орай тергеу басқармасы қызметкерлері арасында кәсіби сайыс ұйымдастырылды.

         Турнирге тергеу басқармасының қызметкерлері Жунусов Н.А., Ажигулов К.Ж.,  Ушакбаева А.М., Макишев М.Б., Шуакбаев Р.К. және Шахманов А.Е. қатысты.

         Іс-шара бағдарламасы зияткерлік және тәжірибелік кезеңдерден тұрды. Бірінші кезеңде қатысушылар қылмыстық заңнама, қылмыстық процесс нормалары және экономикалық құқық бұзушылықтарды тергеу ерекшеліктеріне қатысты сұрақтарға жауап беру арқылы өздерінің теориялық дайындық деңгейін көрсетті.

         Екінші кезеңде қатысушылар қызметтік қызметтің нақты жағдайларына барынша жақындатылған тәжірибелік тапсырмалармен жұмыс істеді. Оларға ұсынылған материалдарды талдап, құқық бұзушылық белгілерін анықтау, әрі қарайғы әрекеттер тактикасын белгілеу және қылмыстарды ашу жолдарын ұсыну қажет болды.

         Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тәжірибе алмасуға, кәсіби дағдыларды нығайтуға және командалық өзара іс-қимылды дамытуға ықпал етті.
         Сайыс қорытындысы бойынша женімпаз болып аса маңызды істер жөніндегі тергеуші Ушакбаева Айғаным Мұратқызына танылды. Ол «Тергеуші кубогы» зияткерлік ойынының келесі кезендерінде Департаменттің атынан қатысатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm-pavlodar/press/news/details/1183209?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version