Павлодар облысында 2026–2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасын жүзеге асыру қарқынды басталды. Бұл – әр баланың қауіпсіздігі мен құқығын қорғап, олардың толыққанды дамуына жол ашатын маңызды бастама.
Өңірде 200 мыңнан астам балаға кешенді қолдау көрсетілуде. 13 отбасын қолдау орталығы жұмыс істеп, өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға нақты көмек көрсетуде. Жетім балаларды отбасына орналастыру бағытындағы жұмыстар да оң нәтиже беріп келеді – бұл отбасылық тәрбиенің маңызын айқын дәлелдейді.
Басты назар – алдын алу мен қамқорлықта.
🔹 «Ата-аналар академиясы» арқылы саналы ата-ана мәдениетін қалыптастыру
🔹 «Терезе-SAFE» жобасы арқылы балалар қауіпсіздігін күшейту
🔹 Мектептерде жасанды интеллект элементтері бар бейнебақылау жүйесі
Сонымен қатар, ерекше назарды қажет ететін балалармен жеке жұмыс жүргізіліп, педагогтар мен психологтардың қатысуымен арнайы қолдау жоспарлары әзірленуде.
Жоспар аясында 70-тен астам нақты шара іске асырылып, балалардың қауіпсіздігі, денсаулығы мен жан-жақты дамуы қамтамасыз етілмек.
Бұл – жай бастама емес. Бұл – әр баланың жарқын болашағына бағытталған жүйелі жұмыс, сенімді қадам
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu/press/news/details/1184193?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау