Петропавл қаласында Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері арасында облыстық спартакиада өткізілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жарыстар спорттың үш түрі бойынша өтті: футзал, үстел теннисі және волейбол.

Спартакиадаға жеті команда қатысты: Шығыс өңірі, Солтүстік өңірі, Орталық өңірі, Департаменттің басқару аппаратының командасы, Петропавл қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы, сондай-ақ Департаменттің Жедел-құтқару жасағы.

Екі күнге созылған тартысты әрі қызу бәсекенің қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте:
1 орынды Департаменттің жедел-құтқару жасағының командасы иеленді;
2 орынды Солтүстік өңір командасы алды;
3 орынды Орталық өңір командасы иеленді.

Спартакиада спорттық бәсеке рухында өтіп, командалық бірлікті нығайтуға, қызметкерлердің дене дайындығын арттыруға және жеке құрам арасында салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал етті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-sko/press/news/details/1183396?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version