Петропавл қаласының Отбасын қолдау орталығы ұйымдастырған «Шаңырақ» атты Ашық есік күніне қатысу

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Іс-шара отбасы институтын нығайтуға, ұлттық дәстүрлерге негізделген отбасылық және мәдени құндылықтарды ілгерілетуге бағытталды.
Іс-шараға өңірдің мемлекеттік органдары мен әлеуметтік қызметтерінің өкілдері қатысты: халықтың әлеуметтік осал санаттарының құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, пробация қызметінің, полицияның, денсаулық сақтау және білім беру жүйесінің қызметкерлері.
Кездесу барысында қала тұрғындары мемлекеттік қолдаудың қолжетімді шаралары, конституциялық құқықтар мен бостандықтарды іске асыру, жұмыспен қамту, тұрғын үй заңнамасы, сондай-ақ бірқатар өзге де әлеуметтік маңызы бар мәселелер бойынша кеңес алды.
Мұндай кездесулердің маңызы зор, өйткені олар азаматтарға мамандарға тікелей жүгініп, өмірлік жағдайларды шешуде практикалық көмек алуға мүмкіндік береді — еңбек құқықтарын қорғау мен әлеуметтік төлемдерді рәсімдеуден бастап, күрделі отбасылық жағдайларда қолдау алуға дейін.
Сондай-ақ келушілермен «Отбасы мен дәстүр — егемен елдің негізі» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру әңгімесі жүргізілді. Оның барысында отбасының балаларды тәрбиелеудегі, мәдени құндылықтарды сақтаудағы және жауапты азаматтық қоғамды қалыптастырудағы рөлі талқыланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-sko-oblysy/press/news/details/1181646?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version