Профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді

2026 жылғы 16 наурызда Ұшарал қалалық округінің әкім аппараты, учаскелік полиция инспекторы және Алакөл ауданының кәсіпкерлік бөлімімен бірлесіп, кафелер мен мейрамханалардың иелерімен профилактикалық іс-шаралар өткізілді. Іс-шаралар барысында кәсіпкерлерге Қазақстан Республикасының алкоголь өнімдерін сатуды реттейтін заңнамасын қатаң сақтау қажеттігі түсіндірілді. Оларға «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (110-бап), сондай-ақ «Этил спирті мен алкоголь өнімдерін өндіру және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (9-бап) талаптары түсіндірілді, оларға сәйкес 21 жасқа толмаған тұлғаларға алкоголь өнімдерін бөлшек саудада сату тыйым салынған. Аталған талаптарды бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Сонымен қатар, кәсіпкерлерге Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 31-бабы түсіндірілді, оған сәйкес 18 жасқа толмаған тұлғаларды алкоголь өнімдерін сатумен байланысты жұмыстарға тартуға тыйым салынған. Қосымша ретінде кәсіпкерлерге Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің талаптары түсіндірілді, оған сәйкес қоғамдық орындарда, соның ішінде кафелерде, мейрамханаларда және басқа да қоғамдық тамақтану орындарында кальян пайдалану және ұсыну тыйым салынған. Заведение иелеріне аталған талаптарды бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған жауапкершілік еске салынды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-usharal/press/news/details/1183916?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version